Жаңалықтар

KazBrand турға шығады: Қазақстанның 9 қаласы, мыңдаған идея және бизнестің миллиондаған мүмкіндігі

2025 жылдың 14–28 тамызы аралығында Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы (ОАФА) ҚР «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Қазақстан қалалары бойынша ауқымды тур бастайды. Мақсат – кәсіпкерлерге франчайзингтің табысты арттырудың, географияны кеңейтудің және әлемдік аренаға шығудың жылдам әрі нақты жол екенін іс жүзінде көрсету.

KazBrand бағыты: Өскемен → Семей → Павлодар → Қарағанды → Алматы → Шымкент → Тараз → Қызылорда → Орал → Ақтөбе → Атырау → финал – Ақтау.

Масштабтауды білетін команда

Турдың жетекшісі – Гүлбану Майгарина, ОАФА төрағасы, Lanzhou жылдам тамақтану мейрамханлар желісінің негізін қалаушы, бірнеше елде бренд ашып, дамытқан тәжірибелі кәсіпкер.

Онымен бірге турға қатысатындар:

• Сейсенғали Қалиақпаров (FranchDay)

• Әдемі Досжанова (KazFranch)

• Айтуар Қошмамбетов – ҚР Мәжіліс депутаты, Respublica партиясы.

«Мен үшін кәсіпкерлерді өз қалаларында көру, олардың әңгімелері мен мақсаттарын есту маңызды. Тікелей байланыс – кез келген онлайн-кездесуден бірнеше есе тиімді», – дейді Гүлбану Майгарина.

Кездесуде қатысушыларды не күтіп тұр:

• Бизнестің франшизаға дайындығын жедел бағалау

• Масштабтау кезінде жіберілетін жиі қателерді талдау

• ШОБ-қа арналған мемлекеттік қолдау шаралары мен ОАФА сервистерінің шолуы

• Жаңа нарықтарға шығу стратегиялары

• Сарапшылармен және ықтимал инвесторлармен тікелей байланыс

Тур аясында KazBrand реалити-байқауы басталады (тіркеу: 2025 жылдың 14 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін). Ұйымдастырушысы – Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Respublica» партиясының қолдауымен.

Бұл байқау – сіздің бизнесіңізге жаңа серпін беретін мүмкіндік.

Үш жеңімпаз алады:

• Франшизаны толық әзірлеу (құны 7 млн ₸-ден жоғары)

• Масштабтау бойынша бір жылдық сүйемелдеу

• Маркетингтік пакет

• Толық заңгерлік қолдау

💡 Қатысу тегін.
KazBrand жаңалықтары