Осы кезеңде Ассоциация сарапшылары Өскеменнен бастап Астанаға дейінгі 16 қалада кәсіпкерлермен кездесті.
Офлайн және онлайн форматтарда өткен іс-шараларға қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, сауда, өндіріс, IT, креативті индустрия, әлеуметтік кәсіпкерлік және агробизнес сияқты негізгі салаларды таныстырған мыңдаған кәсіпкер қатысты.
Кездесулер барысында кәсіпкерлер өз кәсібін ауқымдану, жобаларын талқылау бойынша практикалық білім алып, франшиза ашудағы қателіктерді тікелей сарапшылармен талқылау мүмкіндігіне ие болды. Жүздеген қатысушы жеке кеңес алды, ал 30 компания Франчайзерлер Ассоциациясына мүше болып, кәсіби қауымдастықтың бір бөлігіне айналды.
ЦААФ төрайымы Гүлбану Майгарина өңірлерде франчайзингке деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті:
«Қазақстанда әлеуеті зор кәсіптер көп, олардың көбі даму кезеңіне дайын. Біз кәсіпкерлердің ауқымдану тетіктерін іздеп жатқанын және жаңа форматтарға ашық екенін көріп отырмыз. Біздің міндетіміз – оларға жүйе ұсынып, бір қаланың шеңберінен шығып, ұлттық әрі халықаралық деңгейде өздерін көрсетуіне жағдай жасау», – деді ол.
Ассоциация деректеріне сәйкес, Қазақстандағы франчайзинг нарығы оң динамика көрсетуде: 2024 жылы тауарлық белгілерді тіркеу 10,8 %-ға артты, ал франчайзингтік келісімшарттар саны 58,1 %-ға өсті. Дегенмен, нарықтың 70 %-ын шетелдік брендтер иеленсе, ұлттық компаниялар бұл құралды енді ғана белсенді игере бастады.
Аяқталған тур ЦААФ-тың алғашқы ауқымды практикалық жобасы болды. Сонымен қатар, 13 қыркүйекке дейін KazBrand реалити-байқауына тіркелу жалғасуда. Қатысу тегін! Үш жеңімпаз құны 7 млн теңгеден басталатын франшиза пакетін, үздік сарапшылардың бір жылдық сүйемелдеуін, даму стратегиясын, франшиза сатуға көмек көрсетуді, маркетингтік және құқықтық қолдауды иеленеді. Тіркеу сілтемесі:https://kazbrand2.bitrix24.site/crm_form_vugpw/
Анықтама үшін:
Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы (ЦААФ) 2024 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ассоциацияның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азияда франчайзинг нарығын дамыту, кәсіпкерліктің беделін арттыру және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті күшейту. Ұйым франчайзерлерді, франчайзиларды, сарапшыларды, инвесторларды және мемлекеттік мекемелерді Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және олардың шегінен тыс жерлерде біріктіріп, ҚР заңнамасы мен халықаралық нормалар аясында қызмет етеді.