Жергілікті франчайзинг нарығының жиынтық айналымы жылына 2–3 млрд АҚШ долларын құрайды. Дегенмен, оның 70%-ын шетелдік брендтер иеленсе де, ұлттық жобалар белсенді өсім көрсетіп отыр.
Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және франчайзингтің шетелдік үлгілерден кем түспейтін тиімді ауқымдану құралы екенін көрсету мақсатында Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы (ЦААФ) «Атамекен» ҰКП мен «Respublica» партиясының қолдауымен 14 тамыздан бастап еліміздің 9 қаласын қамтитын республикалық тур мен алғашқы KazBrand франчайзингтік реалити-конкурсын іске қосты.
Тур 28 тамызға дейін жалғасады және елдің ірі қалаларын – Астана мен Алматыдан бастап Атырау мен Шымкентке дейін қамтиды. Қатысушыларды кәсіптік талдау, ауқымдану стратегияларындағы қателіктерді талдау, мемлекеттік қолдау шараларын талқылау және инвесторлармен тікелей кездесу күтіп тұр.
Сонымен қатар, KazBrand конкурсына тіркелу 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысу тегін! Үш жеңімпазға құны 7 млн теңгеден басталатын толық дайын франшиза, үздік сарапшылар тарапынан бір жылдық сүйемелдеу, брендті дамыту стратегиясы және франшизаны сатуға қолдау, сондай-ақ маркетингтік және заңгерлік көмек ұсынылады.Тіркелу сілтемесі: https://kazbrand2.bitrix24.site/crm_form_vugpw/.
Жобаның негізгі қозғаушы күші – Гүлбану Майгарина: франчайзинг жөніндегі сарапшы, Lanzhou жедел тамақтану желісінің негізін қалаушы, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығының кеңесшісі және ЦААФ төрайымы. Ол бірнеше жыл ішінде ондаған компанияның франшиза нарығына шығуына және табысын арттыруына көмектесті.
«Қазақстанда әлеуеті жоғары кәсіптік жобалар көп, алайда көбіне жүйелілік пен бір қаладан шығуға деген батылдық жетіспейді. Менің мақсатым – бизнесті жылдам, сауатты және тәуекелді азайта отырып кеңейтуге болатынын көрсету», – деді Гүлбану Майгарина.
Оның айтуынша, қазақстандық франчайзинг нарығы өсім көрсетуде: 2024 жылы тауарлық белгілерді тіркеу 10,8%-ға, франчайзингтік келісімшарттар саны 58,1%-ға артқан. Дегенмен, сала әлі де франшизалар реестрінің және стандартталған қаптама талаптарының болмауы сияқты қиындықтарға тап болуда. ЦААФ қаптама жасаушыларды аккредитациялауды және Орталық Азия франшизалар каталогын құруды ұсынды.
«KazBrand – ойларды нақты жұмыс істейтін франшизаларға айналдыратын тәжірибелік алаң ретінде ойластырылған. Бұл көптеген компания үшін жергілікті деңгейден ұлттық және халықаралық деңгейге шығатын алғашқы қадам бола алады», – деп толықтырды Гүлбану Майгарина.
Анықтама үшін:
2024 жылы құрылған Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы (ЦААФ) – Қазақстан мен Орталық Азиядағы франчайзинг нарығын дамытуға бағытталған коммерциялық емес ұйым. Қауымдастықтың басты мақсаты – франчайзинг нарығын жүйелендіру, кәсіпкерлік беделін арттыру және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті күшейту. ЦААФ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және өзге де елдердегі франчайзерлерді, франчайзилерді, сарапшыларды, инвесторларды және мемлекеттік органдарды біріктіре отырып, ҚР заңнамасы мен халықаралық нормалар аясында әрекет етеді.