Бұл Көкшетаудағы «Буррата» ірімшік зауытының негізін қалаушы және Орталық Азия Франчайзинг Қауымдастығы ұйымдастырған KazBrand реалити-конкурсының қатысушысы Эльвира Мұқашева жасаған «Қымызхан» қымызында піскен түйе сүтінен жасалған ірімшік. «Атамекен» ҰКП қолдауымен Қауымдастық ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанның 16 қаласында франчайзинг турын өткізіп, оның барысында өңірлік кәсіпкерлерге аталмыш конкурс таныстырылды.
Францияда өткен Мondial du fromage-2025 әлем чемпионатында Қазақстаннан келген ірімшік жасаушылар нағыз дүрбелең туғызды: әлемнің түкпір-түкпірінен 1900-ге жуық үлгінің ішінде олар үйге 3 алтын, күміс және 2 қола алып кетті. Ал бір Алтынды Эльвира алды.
Біз онымен Франциядағы жеңіс, оның франшиза туралы арманы және ірімшіктің Қазақстанның символына айналуы туралы әңгімелестік.
- Эльвира, Сіз Францияда алтын жүлдегер болдыңыз. Осындай биік гастрономиялық аренада Қазақстанды таныстыру қандай?
- Бұл мен үшін үлкен мәртебе мен қуаныш болды. Бұл медаль тек менің емес, бүкіл Қазақстанның — өз дәстүрі, кең даласы, сүті мен қонақжайлығымен ерекшеленетін елдің медалі деп сезіндім. Бұл — мақтаныш пен бақыттың көз жасы. Біз әлемге көрсете алдық: бізде өз дәміміз, өз тарихымыз бар, және біз алтын медальға лайықпыз.
– Сіз үшін KazBrand жобасы нені білдіреді – қолдау, өсу алаңы немесе әлемге ашылған терезе ме?
– Мен үшін KazBrand байқауына қатысу – осының бәрі бір уақытта болды. Бұл – қолдау да, алға жылжуға деген сенім де, әрі тек бизнесті ғана емес, арманды батыл етуге үйрететін нағыз мектеп. Осы жобаның арқасында мен жергілікті өнім де бүкіл әлемге таныла алатынына сендім.
– Ірімшіктеріңіз Франциядағы қазылар алқасын таңғалдырды. Ал Қазақстандық тұтынушылар түйе сүті мен дала шөптерінен жасалған ерекше дәмдерге қалай қарайды?
– Біздің адамдар алдымен таңырқайды: «Түйе сүтінен жасалған ірімшік па?» деп. Бірақ дәмін татқан кезде көздерінде жылы күлкі пайда болады. Себебі бұл – туған, таныс, далалық дәм. Қазақстандық тұтынушылар табиғилық пен бірегейлікті барған сайын жоғары бағалай бастады, бұл мені жаңа тәжірибелерге шабыттандырады. Менің ерекше сырларымның бірі – түйе сүтінен жасалып, қымызда жетілген. Сол себепті оған «Қымызхан» деген атау берілді.
– Қазіргі кезде франчайзингті жергілікті брендтерді әлемдік аренаға шығарудың бір жолы деп атайды. Сіз «Буррата» брендін дамыту үшін бұл құралды қарастырып отырсыз ба?
– Иә, мен франчайзингті үлкен мүмкіндік ретінде қарастырамын. Сондықтан бірден Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы (ЦААФ) ұйымдастырған осы бірегей байқауға қатысуға өтінім бердім. Бұл – брендімді кеңейтудің нақты жолы. Бірақ мен үшін франчайзинг тек бизнес емес. Бұл – Қазақстанның әр түкпірінде және шетелде адамдар біздің өнімге және философиямызға – табиғилыққа, шынайылыққа, еңбекке деген махаббатқа қол жеткізе алатын мүмкіндік.
– Егер франшизаны іске қосатын болсаңыз, алғашқы өсу нүктесін қай өңірлерден немесе елдерден көріп отырсыз?
– Әрине, алдымен Қазақстанның сүт өнімдері мол, қонақжайлық дәстүрі мықты өңірлерінен бастағым келеді. Ал шетелде маған Орталық Азия мен Түркия жақын — ол жақта сүт өнімдерін бағалайды әрі олардың «жанын» түсінеді. Ал кейін неге Еуропаға да шықпасқа? Ол жақта біздің өнімге деген қызығушылықты мен қазірдің өзінде сезіп жүрмін.
– Кеңею барысында сіз үшін не маңыздырақ: ірімшік өндірісінің қолөнерлік рухын сақтау ма, әлде желіге айналу ма?
– Мен үшін ең маңыздысы – жанды сақтау. Біз қаншалықты өссек те, әр ірімшік тілімінде тарих, махаббат пен қолөнердің жылуы сақталуы керек. Онсыз желінің мәні болмайды. Бірақ мен сенемін: егер барлығы неден басталғанын ұмытпаса, ауқымды болу мен жанды сақтауды қатар алып жүруге болады.
– Франциядағы жеңісіңіз Қазақстандағы бизнес-жоспарларыңызға қалай әсер етті?
– Бұл жеңіс маған қанат бітірді. Мен біздің ірімшіктердің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрдім және бұл маған кеңеюге, жаңа өнімдер жасауға, басқаларды үйретуге және Қазақстанда тұтас бір саланы дамытуға шабыт берді. Бұл тек менің жеңісім емес — бұл барлық қазақстандық ірімшік жасаушылардың ортақ жетістігі.
– Сізде арман бар ма, мысалы, «Буррата» бренді Италия үшін пармезан қандай болса, Қазақстан үшін сондай танымал болсын деген?
– Әрине, бұл – менің үлкен арманым. Адамдар «Буррата» дегенде бірден Қазақстанды, даланы, табиғи сүт пен қонақжайлықты елестетсе деймін. Біздің бренд еліміздің символына айналса – қалай пармезан Италияның, камамбер Францияның символы болса. Көп адам білмейді: «буррата» деген сөзді қазақшаға аударсақ – бұл «сары май» дегенді білдіреді. Ақмола облысында бұл сөздің ерекше мағынасы бар – мұнда ежелден мамырдың сары майын жоғары бағалаған, ол жергілікті гастрономиялық мәдениеттің бір бөлігіне айналған. Бізде мұндай майды тұтынудың өзіндік культі бар.
– Халықаралық бренд деңгейіне жетуді қалайтын ірімшік жасаушы қандай қиындықтарға тап болады?
– Ең үлкен қиындық – бұл ресурстар емес, сенім. Ең бастысы – сенуді жалғастыру, мақсатыңа жетемін деп сену және берілмеу. Айналаңдағы адамдар сенбегенде де өзіңе сену керек. Әрине, техникалық кедергілер де бар – мысалы, жабдықтар, стандарттар, логистика. Бірақ сенім мен команда болса, барлық кедергілер баспалдаққа айналады.
– KazBrand байқауына қатысып, франшиза туралы армандайтын бастаушы кәсіпкерлерге қандай кеңес берер едіңіз?
– Мен былай айтар едім: аздан бастаңыздар, бірақ махаббатпен істеңіздер. Франшиза – бұл көшірме емес, ол – өміріңізді арнаған ісіңізге өз жүрегіңіз бен құндылықтарыңызды жеткізу. Егер өніміңіз шынайы және жүректен жасалса, адамдар міндетті түрде жауап береді. Сонда франчайзинг сіздің арманыңыздың табиғи жалғасы, ойлағаныңызды жүзеге асыруға және жаңа жетістіктерге жетуге көмектесетін құрал болады!