Бизнесті дамыту туры басталды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан кәсіпкерлері үшін бизнесті кеңейту мен масштабтауға арналған ауқымды турды бастады.
2026 жылғы 6 сәуір мен 4 мамыр аралығында елдің 17 қаласында кәсіпкерлерге арналған тегін кездесулер өтеді. Жоба Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлерге бизнесін жаңа деңгейге шығаруға бағытталған.
Жоба «Атамекен» ҰКП және Central Asian Association of Franchising (CAAF) Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы бірлесіп жүзеге асырады.
Кездесулер барысында сарапшылар кәсіпкерлерге бизнесті жүйелеу, филиалдар ашу, басқа қалаларға шығу және франчайзинг арқылы масштабтау мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, тәжірибелерімен бөліседі.
Бүгінде біршама кәсіпкердің дүкен, кафе, өндіріс орындары немесе қызмет көрсету компаниялары секілді тұрақты жұмыс істеп тұрған бизнесі бар. Дегенмен кәсіптің көлемін арттырып, ауқымын кеңейту қажеттілігі туындағанда филиалдарды қалай және қайдан ашу қажет, сапаны сақтау қалудың қандай тың тәсілдері бар, кәсіпті қашықтықтан басқару мүмкін бе деген сарындағы сұрақтар туындайды.
Тур бағдарламасы практикалық кездесу форматында осындай сұрақтарға жауап беріп, нақты кейстер арқылы талдау жасап, өсу нүктелерін анықтауға бағытталған.
Кәсіпкерлер бизнес-процестерді жүйелеу, есеп жүргізу мен басқаруды жолға қою, бизнесті франчайзинг форматына дайындау жолдары туралы мол мағлұматқа ие бола алады.
Қатысу тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет. Орындар саны шектеулі.
Жоба бастамашыларының бірі – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШОБ дамыту Комитетінің төрағасы Гүлбану Майгарина.
Қалалар тізімі мен кездесулер жайлы толық ақпарат «Атамекен» ҰКП-ның әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.
Тіркелу үшін: https://caaf.asia/city-tour#register
Қосымша ақпарат алу үшін: +7-771-700-54-78