«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Гүлбану Майғарина Қазақстанның сыртқы нарықтарда жұмыс істейтін шағын және орта бизнесін қолдауға бағытталған «Халықаралық бизнес» республикалық жобасының қазылар алқасы құрамына енді. Жобаны Digital Business пен Bereke Bank бірлесіп жүзеге асыруда.
«Халықаралық бизнес» – сыртқы нарықтарда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес өкілдерінің рейтингі. Жобаның басты мақсаты – шетелдік нарықтарда жұмыс істеп, халықаралық жеткізу тізбектерін қалыптастырып жүрген, өнім экспорттайтын және/немесе импорттайтын кәсіпкерлер туралы ақпаратты кеңінен тарату.
Қазылар алқасының құрамына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы ШОБ дамыту комитетінің төрағасынан бөлек, Bereke Bank, Digital Business, Mastercard және KPMG өкілдері кірді.
Жоба елімізде ғана емес, халықаралық бағытта да жұмыс істейтін нақты сектор компанияларына бағытталған. Яғни, өз өнімін экспорттайтын немесе отандық өндірісті дамыту үшін технологиялар, жабдықтар мен құрамдас бөлшектер импорттайтын кәсіпорындар қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ІТ-компаниялар мен тек тұтынушылық импортпен айналысатын бизнес рейтингке қатыспайды.
«Бүгінде Қазақстанда бизнесін ауқымдап, ішкі нарықтан тысқары шығуға дайын кәсіпкерлер саны артып келеді. Алайда халықаралық бағыт компаниялардан жүйелі тәсілді – ашық процестерді, тұрақты бизнес-модельді және стратегиялық жоспарлауды талап етеді. Осындай рейтингтердің маңызы – мықты қазақстандық компанияларды көрсету, сыртқы нарықтарда жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді қолдау және жалпы еліміздегі халықаралық бизнестің дамуына назар аударту», – деді Гүлбану Майғарина.
Рейтингке қатысушылар бірнеше критерий бойынша бағаланады. Олардың қатарында сыртқы экономикалық қызмет ауқымы, халықаралық нарықтардың географиясы және өнімдегі жергілікті қамту үлесі бар.
Жобаға келесі талаптарға сәйкес келетін ШОБ субъектілері қатыса алады:
• Орташа жылдық табыс – 3 000 000 АЕК-тен (12 975 млн теңге) аспауға тиіс;
• Қызметкерлердің орташа жылдық саны – 250 адамнан аспауы керек;
• Сыртқы экономикалық қызметтің болуы – экспорт, импорт немесе қос бағытты;
• Компаниядағы мажоритарлық үлес қазақстандықтарға немесе қазақстандық заңды тұлғаларға тиесілі болуы қажет.
Өтінім қабылдау 2026 жылдың 19 маусымы сағат 15:00-ге дейін жалғасады. Өтінімді жоба сілтемесі арқылы беруге болады. Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты Digital Business ресми сайты арқылы оқуға болады.
Іріктеу қорытындысы бойынша қазылар алқасы 10 финалисті анықтайды. Одан кейін ашық онлайн-дауыс беру өтеді, ал жеңімпаздар 2026 жылдың күзінде жарияланады.
Жоба жеңімпаздары PR-қолдау, жоба серіктесі - банк тарапынан халықаралық бизнеске арналған арнайы шарттар, сондай-ақ жаһандық мүмкіндіктерге - Қытайдағы Canton Fair (Phase 3) көрмесіне бару мүмкіндігіне ие болады.