Жаңалықтар

Lanzhou БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды

Қазақстандық Lanzhou компаниясы тұрақты және жауапты бизнес жүргізу саласындағы әлемдегі ең ірі халықаралық бастама – БҰҰ-ның Жаһандық шартының белсенді қатысушысы мәртебесіне ие болды.

Компания бастамаға ресми түрде 2026 жылғы 4 тамызда қосылды. Бұл Lanzhou-дың адам құқықтарын қорғау, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатын ұстанатынын білдіреді.

Бұл компания үшін корпоративтік стандарттарды дамытудың жаңа кезеңі. Енді Lanzhou тұрақты даму қағидаттарын жұмыс үдерістеріне, қызметкерлермен, серіктестермен және жеткізушілермен өзара іс-қимылға кезең-кезеңімен енгізіп, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелер туралы тұрақты түрде есеп беретін болады.

«Біз үшін БҰҰ-ның Жаһандық шартына қатысу – компанияның қоғам алдында өз еркімен қабылдаған жауапкершілігі. Бизнес ауқымы кеңейген сайын кәсіпорындар саны ғана емес, корпоративтік мәдениет, еңбек жағдайлары, экологиялық жауапкершілік және басқарушылық шешімдердің ашықтығы да қатар дамуы аса маңызды. Бұл халықаралық алаң бізге әлемнің әртүрлі елдеріндегі компаниялардың үздік тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік береді, әрі Lanzhou брендін халықаралық деңгейде мойындалған қағидаттарға сай жұмыс істейтін заманауи қазақстандық компания ретінде дамытуға жол ашады», – деді Lanzhou мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, ШОБ дамыту комитетінің төрағасы, ҚР ҰКП «Атамекен» Президиумының мүшесі, Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының (CAAF) президенті Гүлбану Майғарина.

БҰҰ-ның Жаһандық шартына қатысу компанияға халықаралық бизнес қауымдастығына, оқыту бағдарламаларына, практикалық материалдарға және тұрақты даму қағидаттарын енгізіп жатқан кәсіпорындардың тәжірибесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл корпоративтік басқару, еңбек жағдайлары, экологиялық жауапкершілік және іскерлік әдеп саласында жоғары талаптар қоятын компаниялармен серіктестік орнату мүмкіндігін кеңейтеді.

Мұндай қағидаттарды ұстанудың бизнес үшін практикалық маңызы да зор. Айқын корпоративтік қағидалар қызметкерлер мен серіктестердің сенімін нығайтады, беделдік және басқарушылық тәуекелдердің алдын алуға көмектеседі, сондай-ақ компанияның халықаралық нарықтарға шығуға дайындығын арттырады.

Lanzhou-дың келесі қадамы – БҰҰ-ның Жаһандық шарты бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері көрсетілетін алғашқы прогресс туралы есепті әзірлеу. Бұл есепті жариялау мерзімі 2027 жылғы 31 шілдеге дейін белгіленген.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Жаһандық шарты әлемнің 160-тан астам елінен және түрлі салалардан 20 мыңнан астам компанияны біріктіреді. Оның қатысушылары бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз еркімен міндеттеме қабылдайды.

Қосымша ақпарат алу үшін:

www.caaf.asia

Instagram: @franchise_asia