Жаңалықтар

Ұлттық KazBrand реалити-байқауы өз мәресіне жақындап келеді, және оның басты кезеңі 21 қарашада Алматы қаласында өтеді

Бір алаңда көпсатылы іріктеуден өткен кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынады. Олардың жұмыстарын бизнес сарапшыларынан, салалық мамандардан және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерінен құрылған қазылар алқасы бағалайды.

Финал нәтижесі бойынша негізгі санаттарда 4 жеңімпаз анықталады:

«Өндіріс», «Ритейл», «Қызмет көрсету саласы» және «Қоғамдық тамақтану».

«Биыл біз Қазақстанның 16 қаласын қамтыған франчайзинг турын өткіздік. Бұл тур біздің кәсіпкерлердің бойында керемет энергия, батылдық және өсуге деген үлкен құлшыныс бар екенін көрсетті. KazBrand финалы – олардың өз жобаларына деген сенімі нақты мүмкіндіктермен тоғысатын сәт. Біз бұл күнді асыға күттік және әрбір қатысушымен мақтанамыз», – деді Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының (ОАФҚ/ЦААФ) төрайымы Гүлбану Майгарина.

Осы күні қандай компаниялар толық дайын франшиза әзірлеуге және KazBrand командасынан кәсіби сүйемелдеуге ие болатыны анықталады.
KazBrand жаңалықтары