20 мамыр күні Астанада Орталық Азия Франчайзинг Қауымдастығының (CAAF) стратегиялық сессиясы өтті. Іс-шараға қауымдастық басшылығы мен Қазақстанның барлық өңірлерінен келген филиал директорлары қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар CAAF филиалдық желісін одан әрі дамыту, өңірлік өкілдіктердің бірыңғай жұмыс стандарттарын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған жаңа білім беру және тәжірибелік жобаларды іске қосу мәселелерін талқылады.
Сессияда бизнесті қолдаудың өңірлік алаңдарын дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылардың айтуынша, бүгінде өңірлердегі кәсіпкерлерге теориялық дәрістерден гөрі бизнесті жүйелеу, қаржылық басқару, маркетинг және ауқымдау стратегиясы бойынша нақты тәжірибелік құралдар көбірек қажет.
Талқылау аясында биыл аяқталған «Жергілікті брендтен ұлттық брендке қалай айналуға болады» атты республикалық бизнес-турдың нәтижелері де айтылды. Аталған жоба Қазақстанның 16 қаласын қамтып, 1200-ден астам кәсіпкерді біріктірді.
«Өңірлердегі кездесулер барысында кәсіпкерлер тарапынан тәжірибелік білімге, түсінікті даму құралдарына және бизнесті жүйелі дамыту тәсілдеріне үлкен сұраныс бар екенін көрдік», — деді ҚР ҰКП «Атамекен» ШОБ дамыту комитетінің төрайымы әрі CAAF басшысы Гүлбану Майғарина.
Сондай-ақ стратегиялық сессия барысында 2026 жылы CAAF өңірлік желіні белсенді түрде дамытуды бастағаны атап өтілді. Қазіргі таңда қауымдастықтың өкілдері мен филиалдары Шымкент, Қызылорда, Орал, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Семей, Павлодар және Қостанай қалаларында жұмыс істейді.
Кездесуге қатысушылардың пікірінше, өңірлік өкілдіктерді дамыту жергілікті кәсіпкерлерге сараптамалық қолдауды қолжетімді етуге, білім беру жобаларына қатысуға, тәжірибе алмасуға және бизнесті одан әрі дамытуға қажетті құралдарды алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қатысушылар франчайзингті бизнесті ауқымдаудың, жаңа нарықтарға шығудың және тұрақты ұлттық брендтер қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі ретінде дамыту мәселесін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша CAAF-тың алдағы жұмысының бірыңғай бағыттары айқындалды. Олардың қатарында филиалдық желіні кеңейту, жаңа білім беру жобаларын іске қосу және Қазақстан өңірлеріндегі кәсіпкерлік қауымдастықты дамыту бар.
Қосымша ақпарат алу үшін:
www.caaf.asia
Instagram: @franchise_asia