Бұл келісімдер қазақстандық брендтердің халықаралық нарықтарға шығуына жол ашып, жаһандық ойыншылармен диалог алаңын қалыптастырады.
ОАФА ұлттық деңгейдегі жұмысын да күшейтті: мемлекеттік мекемелерге отандық брендтерді дамыту және франчайзинг мәртебесін арттыру бойынша ұсыныстар жолданды, сонымен қатар өңірлерде 12 филиалды ашу дайындалуда. Жүйелі өзгерістерге бағытталған бұл курс кәсіпкерлермен жүргізілген практикалық жұмыспен бекітілді – ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өткен франчайзинг-тур аясында Ассоциация сарапшылары 16 қалаға барып, офлайн және онлайн форматтарда 700-ден астам қатысушы кәсібін кеңейту құралдарын талқылады. Нәтижесінде қызу пікірталастар, 50 жеке консультация және франшиза арқылы бизнесін дамытуға дайын жаңа кәсіпкерлер пайда болды.
Басты драйвер – KazBrand реалити-байқауы. Бұл жоба өз орнын нығайтып, кәсібін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерге арналған. Қазіргі таңда 950 компания тіркеліп, 310-ы қатысу кезеңіне өтті, олардың ішінен тек төрт жеңімпаз өз франшизасын құру мен дамытуға қолдау алады.
«KazBrand – компаниялардың бір ғана қала шеңберінде шектелмей, ұлттық және халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндік. Мұндай өсу цифрлық трансформация мен жаңа технологияларды енгізусіз мүмкін емес. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында осыған ерекше назар аударды. Дәл цифрландыру франчайзинг арқылы ауқымдаудың іргетасы болуы тиіс», – деді ОАФА төрайымы Гүлбану Майгарина.
Ассоциация алдағы уақытта франчайзинг туралы заңнаманы жетілдіру, франшизалардың бірыңғай тізілімін және арнайы қаржыландыру бағдарламаларын іске қосу, сондай-ақ ұлттық брендтердің экспортын қолдау бағытында бастамалар көтеруді жоспарлап отыр. Г. Майгаринаның пікірінше, бұл қадамдар 2030 жылға қарай отандық франшизалардың санын 500-ге дейін арттырып, 10 000 франчайзингтік нүкте ашуға және 200 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Анықтама үшін:
Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы (ЦААФ) 2024 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ассоциацияның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азияда франчайзинг нарығын дамыту, кәсіпкерліктің беделін арттыру және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті күшейту. Ұйым франчайзерлерді, франчайзиларды, сарапшыларды, инвесторларды және мемлекеттік мекемелерді Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және олардың шегінен тыс жерлерде біріктіріп, ҚР заңнамасы мен халықаралық нормалар аясында қызмет етеді.